Балалардың COVID – 19 алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама
Балалардың COVID – 19 алдын алу бойынша ата-аналарға арналған жадынама
БАЛАЛАРДЫҢ COVID – 19 АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
- Ауа тамшысы арқылы берілу жолын болдырмау үшін не істеу керек?
- балаға жөтелу немесе түшкіру кезінде аузы мен мұрнын майлықпен жабуды үйретіңіз;
- балаға қолды жуудың дұрыс техникасын үйретіңіз;
- қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолыңызды жуып, тері антисептикпен өңдеу керек;
- баланы аузына, мұрнына, көзіне тигізбеуге үйретіңіз;
- балаларды мұрнын, аузын және иегін жабатын етіп бетперде киюге үйретіңіз;
- бетперделерді әр 2 сағат сайын ауыстырыңыз;
- қолданғаннан кейін бетперделер мен майлықтарды тастаңыз.
ЖҰҚТЫРУ ҚАУПІН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА:
- қоғамдық көлікті пайдалануды шектеуге тырысыңыз;
- нашар желдетілетін бөлмелерден аулақ болыңыз;
- балаларды қоғамдық орындарда кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауға үйретіңіз;
- адамдар көп жиналатын орындарға баруды болдырмауға тырысыңыз;
- балалармен үлкен ойын алаңдарында, аулаларда, саябақтарда ойнамаңыз;
- сауда-ойын-сауық және білім беру орталықтарына баруды азайтыңыз.
ҮЙДЕ:
- бөлмені күніне кемінде 1 рет үнемі желдетіңіз;
- үйде дезинфекциялаушы заттарды қолдана отырып, дымқыл тазалауды жиі жүргізіңіз;
- балалар ойыншықтарын 30 минут ішінде 56 градусқа дейін қыздырып, 70% спирт немесе хлор бар заттарды немесе ультракүлгін сәулелерді қолданыңыз.
- Есіңізде болсын, иммунитетті сақтау үшін балаға: теңдестірілген тамақтану, жеткілікті физикалық белсенділік және үнемі медициналық бақылау қажет.
- Жаңа туылған нәрестелер үшін ең жақсы тамақтану-бұл тек емізу
- Жоспарлы вакцинация Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес пандемия кезінде баланың жұқтыру қаупін арттырмайды және инфекция қоздырғышына қарсы иммундық реакцияны әлсіретпейді.