3-4 жастағы балаларға арналған логопедиялық жаттығулар
18-12-2020 01:51

          3-4 жастағы балаларға арналған логопедиялық жаттығулар

 

Логопед: Нарымбекова Г.А

 

         Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады. Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға акөмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе білім баршаға бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 1-желтоқсанында еңгізді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға логопедия сабақтарын кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген және 2010 жылдың 1ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді [1]. Логопедиялық түзету-педагогткалық іс-шара, балардың тіліндегі кемістікті түзетуге, тіл кемістіктерінің алдын алуға, мектепке дайындыққа, жоғары білімге, дисграфияның алдын алуға, баланың жан-жақты дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған. Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында арнайы, жеке сабақтарда жүргізіледі (фронтальды сабақ). Сонымен қатар бірыңғай тілді қалыптастыру кезенде жүзеге асырады (балалардың тілін қалыптастыру бірінші күнде бақыланады). Түзете-оқыту жұмыстарының жұмыс жоспарымен мазмұны бағдарламаға сүйене отырып жоспарланады. Әдістемелік құжаттар балалардың жас ерекшеліктеріне, тобына, сөйлеу тіліндегі кемістіктерді ескере отырып құрастырады. Кезкелген деректі адамның ынтасын оятып, санасына жеткізе білу-нағыз шеберлік. К.Д. Ушинский «адамның ынтасы-оның санасының есігі», - деген екен. Педагог өз сөзінің басында сол есікті сәл ашып, қалған уақытта жабылып қалмауы үшін баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр түрлі құралдар мен әдістерді қолданады. Қандай жолды таңдаса да,ол шеберлігі арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі. Балаға берілген үлгі-өнеге оның санасына сініп, ой ұшқырлығын, тіл көркемдігі арқылы ортаға шығады. Олай болса, жас ұрпаққа өнеге боларлық ұстаздың да тіл біліміне, сөйлеу мәдениетіне, үйрету біліктілігіне қойылыр да жоғары болмақ. Компьютерлік логопедиялық «Дэльфа» жаттығу қондырғысы-бұл есту жәнесөйлеу тілі дамуының бұзылыстарыбар балалардың ауызекі және жазба сөйлеу тілдерін жан-жақты түзету арналған көп жақты компютерлік кешенді бағдарлама. Жеке компьютерлік негізінде жұмыс істейтін жаттығу қондырғысықандай да болмасын сөйлеу тілдік бірліктерден дыбыстан мәтінге дейінжұмыс істеуге, сан алуан сурдологопедиялық міндеттерді: сөйлеу тілдік тынысалуды,дауысты жәнесөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жақтарын дамытуға дейін дыбысты айтуды түзетуге, сөйлеу тілдік бұзылыстарды түзету үдерісіне ойын сәттерін ендіруге, жаттығу мен сөйлеу тілдік материалдардың қажетті түрін қайта-қайта қайталауға, әр түрлі ынталандыру материалдарын (суреттер, әріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер, дыбысталатын сөйлеу тілі)пайдалануға, оқушының даму мүмкіндігіне қарай әр түрлі деңгейдегі күрделілікте жұмыс істеуге, логопедиялық жұмыспен бір мезгілде қабылдау, зейін, есте сақтау қабілеттерін түзетуді шешуге мүмкіндік береді. Жаттығу қондырғысының жиынтығына сөйлеу тілдік сигналды өңдеуге арналған Блок, микрофон, негізгі бағдарламамен сөздікпен жұмыс бағдарламасы, топтық сабақтарды өткізу жұмыс тәсілдері мен әдістеменің сипаттамасы берілген практикалық толық басшылық енген [2]. Сөйлеу кезінде пайда болатынтілдік тыныс алудың маңызына ерекше көңіл бөлген жөн.Сөзіміз түсінікті болуы үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік: алақаныңызды ауызыңызға жақындатыңыз және кез келген бір дыбысты айтыңыз. Сіз ауа аймағы алақаныңызға тигенін сезесіз. Тыныс алып дем шығарғанда дыбыс шығады,ал дыбыстар тілдік ағымға қосылады, бірнеше дыбыстан сөз, әрі қарай сөйлем туындайды және осының бәрін анық не көмескі, жәй не қатты айтуға болады. Демек, айтылған сөз дәлдігі, тазалығы және әсерлілігі тілдік тыныс алуға байланысты. Сондықтан да тілдік тыныс алуды басқара білуге үйрету қажет. Осы орайда тыныс алу гимнастикасы бойынша арнайы жаттығуларды ұсынуға болады. Тыныс алу жаттығулары. (Дэльфа-142 тренажеры бойынша) Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту. Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады:тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне,қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз нық және мойын бұлшықеттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып,сөйлей аламыз.Балалар тілдік тыныс алу барысында дем алудың қысқа,демшығарудың ұзағырақ боларын түсінуі тиіс. Бірқатар жаттығулар тілдік тыныс алуды ретке келтіруге көмектеседі:сөзді, сөйлемді дұрыс айту үшін ауаны үнемді «шығындауға», үзіліс кезінде жұмсақ, естіртпей ауа «жинауға», жеңіл, әрі шынайы тыныс алуға үйретеді. Артикуляциялық жаттығулар. Тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция деп атайды. Біздің міндетімізге дикция ақауларын түзету емес, дыбыстардың анық, дұрыс айтылуын қадағалау жатады. Демек, артикуляциялық жаттығуларды қолдану баланың дыбыстау(сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл жаттығуды орындағанда әр бала өзінің сөйлеу мүшесінің жұмысын бақылай алуы үшін міндетті түрде айнаны қолданады. Гигиеналық талаптарға сай кезекті жаттығуларды орындаған соң қолданылатын, балаларда қол орамал болуы тиіс. Артикуляциялық нұсқауды өткізуге арналған нұсқау: 1. Педагог жұмысты төмендегідей ұйымдастырады: ойын тәсілдерін қолдана отырып, алдағы орындалатын жаттығу туралы әңгімелейді; ойын орындалу ретін көрсетеді; жаттығуды барлық балалар орындайды; педагог жаттығулардың дұрыс орындалуын тексереді (жаттығуды отырып орындайды). Балаға жаттығуды дұрыс орындамағанын айтудың қажеті жоқ,оған қалай дұрыс жасау керектігін көрсетіп,жетістігін айтып,көтермелеу қажет. 2. Күн сайын 2-3 жаттығуды 3-5 минуттан өткізу қажет. 3.Жеңілден күрделіге қарай жүргізіледі. 4.Ойын түрінде ұйымдастырылады.Ең алдымен тіл бұлшықеттеріне,кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулар Тілге арналған жаттығу. «Тәтті тосап»-тілдің ұшымен үстіңгі және астыңғы ерінді жалау. «Сылақшы»–тілің ұшымен таңдайды әрлі-берлі сылау. «Тілді тазалау»-тілдің ұшымен үстіңгі (ішкі және сыртқы), астыңғы тісті (ішкі және сыртқы)тазалау. «Кеме»-аузыңды кең ашып, тілдің үстіңгі астына қою. Көңілді тіл - біздің аузымызда көңілді тіл өмір сүреді. Оның үйшігі –ауыз. Көңілді, тентек. Тіл бір орында отыра алмайды, сондықтан ол үйшігінен шығып,жан-жағына қарайды. Оң жағына қарайды, сол жағына қарайды. Саңырауқұлақ - саңырауқұлақты елестетейік те, тілімізді таңдайымызға тигізіп, тақылдатпай тіреп тқрайық. Жаттығу 3-4 рет орындалады. Мысық сүт ішеді - мысықтың сүтін тілімен қалай жалап ішетінін көрсетіңдер. Ұртыңа қара- ұрттарыңа тілмен ине салыңдар. Бастапқы қалып. 3-4 рет қайталанады. Әдемі күлімде- әдемі баланың күлкісіде әдемі. Қатты дауыс шығарып күлмеген жөн. Сондықтан әдемі,жымиып қана күлеміз. Балапанның тұмсығы- ерінімізді жұмылдырып,алға сүйірлеп шығарамыз,бастапқы қалып. Қақпа- ерінімізді кеңінен ашып ,жұмылған тісті(тісті тіске тигізу) көрсетеміз.Содан бастапқы қалыпқа келеміз Атты тоқтатыңдар- «Дырр-р-р» [3]. Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі жастағы балаларда сөйлеуді қалыптастыру фонематикалық естуін дамытумен, әрі лексикалық-грамматикалық кезеңінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Сондықтан, баланың дыбыс айту кемшілігі ерте жастан және нәтижелі түзетілсе, мектеп кезеңіндегі оқу және жазу қабілетін меңгеруінде қиындықтар болмайды