"Жас дойбышылар"
2016 жылғы 07 сәуірде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім берудегі инновациялар мен іс – тәжірибелер: уақыт талабы» тақырыбымен ІІ Республикалық педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінің 1 – секцияның қатысушысы болып, біздің «Бөбек» МЖДМ КМҚК директоры Жанар Толеутаевна Жазбекова және ересек тобының тәрбиешісі Эльмира Хамитовна Куанышбекова «Дойбы ойыны арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында инновациялық жобасын ұсынды, нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша қатысқан 10 мектепке дейінгі ұйымдардың ішінен, біздің жоба үздіктердің қатарына ілініп, жүлделі ІІІ орынға ие болды.