Білім күні!
01-09-2016 09:16
Білім күні!

         Күздің алғашқы күні, жаңа оқу жылының алғашқы күні «Бөбек» МЖДМ КМҚК мерекелік көңіл – күйден басталды. Әрбір топ тәрбиешілері таңғы қабылдауда  шығармашылық танытып, балаларды балабақшаға ерекше қабылдаудан басталып, кейін мерекелік ойын – сауықпен жалғасын тапты. Мереке, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортаға алынып, Әнұран орындаудан басталды. Балалар, мерекеде туған жер, Отан турарлы өлең- жырларын, ән – күйлерін орындап, қонаққа келген Білім ханшаймының тапсырмаларын орындап, өздерін интеллектуалды жақтарынан танытты. Мереке «Егемен ел» әнін орындалуымен аяқталды.