Балқашта «JasSkills Kazakhmys 2025» ІІІ аймақтық чемпионаты аяқталды.

Дата: 2025-05-02 08:16:05
Балқашта «JasSkills Kazakhmys 2025» ІІІ аймақтық чемпионаты аяқталды.
Балқашта «JasSkills Kazakhmys 2025» ІІІ аймақтық чемпионаты аяқталды. Оған Балқаш қаласы мен Ақтоғай ауданы мектептерінен 182 9-сынып оқушылары қатысты. 9-сынып оқушысы Нағметжанова Айша финалға өтті. Құю жұмысы бағытында шеберлігін көрсетті. Байқау мектеп оқушыларына «көк жағалы» жұмысты жақсы түсінуге көмектесті және болашақ кәсіпті саналы түрде таңдауға маңызды қадам болды. 
Шара аясында ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған «Жұмысшы мамандықтары фестивалі» өтті. 9-сынып оқушылары Қазақмыс өндіріс орындарында қолданылатын заманауи жабдықтардың қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен көрді. Колледж студенттері мен түлектері өздерінің кәсіптері мен корпорациядағы жұмыс перспективалары туралы әңгімеледі. 
Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтары фестивалі аясында өткен «Тәуелсіздік дәуірі» ойынына мұғалімдер мен 9-сынып оқушысы Қазақбаева Алина белсене қатысты.