"Мөлдір бұлақ" журналының жас тілшісі!

Дата: 2020-01-17 09:50:01

 Лицейіміздің 8А сынып оқушысы Алғамжанов Мейіржан республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының жас тілшісі атанды! Жас зиялыларға арналған республикалық журнал талай білімді, талапты журналистерді қанаттандырған тағылымды орда. Лицей мәртебесін асқақтатып, танымдық жаңалықтарымен оқырмандарын қуантатын жас тілшімізге толағай табыстар тілейміз. «Шәкірт жетістігі-ұстаз мерейі» демекші, оқушының ғылыми зерттеу жұмыстары мен мақалаларына бағыт-бағдар берген  жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Ақерке Сәтімбекқызы және өлең өлкесіне қаламын ұштаған «Шұғыла» ақындар үйірмесінің жетекшісі Қуандық Сәденов.