«Саз әлемі» атты өткізілген іс-шара ақпары

Дата: 2018-06-21 15:58:19
«Саз әлемі» атты өткізілген іс-шара ақпары

Маусымның 19-ы күні музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен «Саз әлемі» атты бағдарлама өткізілді. 3 топқа бөліну арқылы бастау алған кеш «Аспаптар сыры», «Әуенді тап», «Жұлдыз болғым келеді», «Әуендер аралы»атты кезеңдердегі тапсырмалар арқылы жалғасты. Балалар әр тапсырманы асқан белсенділікпен орындады. Әділ қазылар топ мүшелерінің өнерлерін жіті бақылып, әділ бағалауларын танытты.

Сонымен қатар бұл күні лагерь демалушылары «Алем Синема» кинотеатрына барып, қазіргі заманға сай «Суперсемейка» мультфильмін тамашалады. Балалар жасына сай, тәрбиелік мәні бар қойылымнан өздеріне үлкен әсер алды.