«Қош бол, сүйікті лагерім!» атты І маусымның жабылу салтанатының ақпары
Дата: 2018-06-09 10:01:29
![«Қош бол, сүйікті лагерім!» атты І маусымның жабылу салтанатының ақпары](/media/img/blog/5b1b50e1742b4.jpg)
Маусым айының 8-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің «Қош бол, сүйікті лагерім!» атты жабылу салтанаты өткізілді. Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін, өмірге деген көзқарастарын, тапқырлық өнерлерін түрлі өткізілген іс-шараларда байқалды. Мерекелік концертте әр топпен түрлі ойындар ойнатылды. Салтанатты жиын балалардың ән шырқауымен, би билеумен және түрлі өнер көрсетуімен аяқталды. Осы аралықта оқушылар уақытын көңілді өткізіп, лагерьде жақсы көңіл-күймен демалып тарасты.