«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты іс-шара ақпары

Дата: 2018-06-04 15:19:49
 «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты іс-шара ақпары

Маусым айының 4-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларымен  лицей алаңында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты саптық жиын өткізілді. Жиында демалушыларға мемлекеттік рәміздер туралы ақпарат берілді. Саптық жиыннан соң, лагерь демалушылары қалалық мұражайда «Мемлекеттік рәміздер –елімнің мақтанышы» атты тақырыпта мұражай қызметкерлері «Рәміздер» туралы жалпылама түсінік беріп өтті.Мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындырып, ой өрістерін кеңейтті. Сонымен қатар, рәміздерге байланысты сұрақтар қойылып, әр топ балалары белсенділікпен жауап берді. Іс-шара соңында мұражайдың әр залымен таныстырылып, эскурсия жасалды.