«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара ақпары

Дата: 2018-06-01 14:30:30
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік іс-шара ақпары

         Маусым айының 1-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік концерт өткізілді. Лицей директоры Рахимберлина Қарлығаш Тишбековна балаларды мерекелерімен құттықтап өзінің тілегін білдірді. Сонымен қатар, балаларды мерекемен құттықтауға әр түрлі кейіпкерлер де қонаққа келді. Әсем әуен ырғағында флеш-моб биленіп, Қажыбаев Нұрасыл атты оқушы «Отаным Қазақстан» әнін орындады. Мерекелік кеш өте көңілді әрі жақсы деңгейде өткізілді. Балалар мерекелік іс-шарадан кейін, қалалық концерттік бағдарламаны тамашалауға, сонымен қатар, «Микки хаус» ойын орталығына серуендеп қайтты.