«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Кино әлемінде» атты топсеруен туралы ақпар

Дата: 2018-06-01 14:23:53
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Кино әлемінде» атты топсеруен туралы ақпар

Мамыр айының 31-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары қаламыздағы ең көрікті  М.Хамзин атындағы  Металлургтер мәдениет сарайында орналасқан «Alem Cinema» кинотеатрына барып фантастикалық кино көріп тамашалады.

Сондай-ақ балалармен ойын алаңында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің топ тәрбиешілерінің  ұйымдастыруымен спорттық ойындар ойнатылды. Ойын барысында балаларға көшеде өздерін қалай ұстау керектігі жайлы айтылып, жол қауіпсіздік ережелері еске түсірілді.