«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Көңілді старт» атты іс-шара ақпары
Маусым айының 30-ы күні лагерь демалушыларының арасында «Көңілді старт» атты спорттық іс-шара өткізілді. Топтармен әр түрлі спорттық жарыс түрлері ұйымдастырылды. Атап айтсақ, I кезең бойынша кедергілер арасымен жүгіріп өту тапрсырмасы берілді. II кезеңде кедергілер арасымен жүгіріп барып, секіртпемен үш рет секіріп кері жүгіріп қайтты. III кезең бойынша әр бала кедергілер арасымен стаканда құйылған суды төгіп алмай жүгіру керектігі түсіндіріліп, кезең соңында стаканда қалған су көлемі бойынша бағаланды. «Шағала» және «Болашақ» топтары IV кезеңде тек қана бір аяқпен секіріп барып, секіріп келді. Ал ең соңғы кезеңде барлық топ бір-бірінің соңынан ілесе отырып кедергілер арасымен өтті. Жарысқа барлық топ атсалыса қатысты. Іс-шара соңында әр топқа белсенділік танытқандары үшін мадақтама қағаздары берілді.