«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Біз табиғаттың досымыз» атты топсеруен, таза ауадағы ойындар ақпары
Дата: 2018-05-30 09:15:51
Мамыр айының 29-ы күні балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Кім жылдам?» көңіл-күйді көтеретін денені шынықтыруға арналған бой жазу жаттығуларынан басталды. Лагерь демалушыларымен таза ауада түрлі бағыттағы ойындар ойнатылды. Сонымен қатар, балалар қалашығында балалармен қызықты қозғалмалы ойындар ойнатылып, «Менің әлемім» атты тақырыпта асфальтта сурет салды. Әрбір қозғалмалы ойындарда балалар өздерінің шапшаңдылығын, алғырлықтарын, белсенділіктерін , қызығушылықтарын байқатты. Балалар серуеннен мол шаттыққа толы көңіл – күймен оралды.