Интернет олимпиада жеңімпаздары

Дата: 2018-05-02 08:46:22
Интернет олимпиада жеңімпаздары

ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы қоры сыйлығының иегері Gaztest.Kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен  1-18 сәуір аралығында ұйымдастырылған қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІ Республикалық оқушылар олимпиадасына  қатысқан 10 А сыныбының оқушылары тіл білгірі атанды.

Советова Эльдана  ІІ дәрежелі дипломмен, Бағдәулет Әйгерім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, ұстаздары Ғ.М.Амирбаева  да  шәкірттері   жоғары нәтиже көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Аталмыш жоба дарынды оқушылар мен талантты шәкірттерді анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.Олимпиадада үздік деп танылған оқушыларға «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы» стипендия және І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар тағайындалады.

Білім сайысында сапалы білімімен жеңімпаз атанған шәкірттерімізді құттықтаймыз.