«Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру және 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында 8-9 сыныптар арасында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» тақырыбында эссе байқауы туралы АҚПАРАТ
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын жүзеге асыру және 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында 8-9 сыныптар арасында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Эссе байқауына 8-9 сыныптардан 10 оқушы қатысты. Таным мен білім көкжиегіндегі өзіндік ой-тұжырым ұштастыруда оқушылар өздерінің білім,білік деңгейлерін көркем сөзбен жеткізе білді, астарлы теңеу,сөз тіркестерін ұтымды пайдалана отырып, тақырыптың ашылуына негіз жасады. Эссені бағалау 4 бағалау критериймен өлшеніп, қазылар алқасының шешімімен 8Б-сынып оқушысы Исмагулова Алия-ІІІ орын, ІІ орындармен Разахова Аңсаған және Төкен Жібек, І орынмен 9А-сынып оқушысы Жакипбек Сымбат, ал жүлденің биігінен Мұрат Нұрайым табылды. Бірлік пен танымды, берекені насихаттаған оқушыларға үлкен табыс тілейміз!
Жеңімпаз 9А-сынып оқушысы Мұрат Нұрайымның шығармашылық жұмысы
Ынтымағы жарасқан-туған өлкем
«Біздің ұрпақ білімді, бай және күшті болу керек.
Білімді болу үшін оқу керек,ол күшті болу
Үшін бірлік ынтымақ керек
Ахмет Байтұрсынов
Отанымыздың басты байлығы-тұрақтылық пен тыныштық. Елбасына күн туған қилы замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған еліміздің ынтымағы мен бірлігі. Қазақ жері, қазақ елі-біздің ата-бабаның кейінгі ұрпаққа қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Қазақстан-мақтануға тұрарлық ел. Елімізде жүз отыздан астам ұлт өкілдері тұрады. Ынтымағымыз бірлікте жатыр. Мұның бәрі 20 жыл бұрын салынған Ассамблеяның да үлесі мол.Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын бәрі де-қымбат. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-еліміздің Елбасы. Біз оны аса қатты құрметтейміз. Ел басымыздың бейбітшілік саясаты арқасында бейбіт елде өмір сүріп келеміз. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. «Бірлік бар жерде-тірлік бар» дейді халқымыз. Дана жұрт мұны тегінен айта салмаса керек. Қазақстан халқының бірлігі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақтастықта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Халқымның ерлігі – еңбекте, орманы – әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – татулықта. Бақыт деген ұғымды мен тәуелсіз Отаным, ұлы тұғырым деп түсінемін. Бүгінгі таңда осындай бақытты, барша әлемге үлгі бола алатын елде тәлім-тәрбие алып жатқаныма өте ризамын. «Отан оттан да, ыстық» деген дана халқымыз. Адам баласының жүрегінде ақ сүт берген туған анасына, Отанға деген жалынды, ыстық сезім ерекше орын алады. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді, сүйемін және мақтап етемін. Біз – Қазақ елінің болашағымыз. Қазақстанымыздың болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлық пен парасаттылық, достықта, достықта өмір сүре отырып, тек биік белестерді бағындырайық!