Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылау, түсіндіру шаралары

Дата: 2018-03-20 08:49:33
Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын талқылау, түсіндіру шаралары

 

Жарыққа шыққан «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын ел болып талқылап, сүбелі ойлар айтылып жатыр. Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Кітап жалпы 4 бөлім, 31 тақырыпша, 506 беттен тұрады. Лицей қабырғасында да кітаптың электронды нұсқасының QR-коды жасалып, оқушылар назарына ұсынылды. Сынып сағаттарында әр сынып жетекшілері сыныпта талқылап, жан-жақты ақпарат берілді.