«Ұлттық қазына» атты қалалық кітапшалар презентациясы
«Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бірнеше жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынған еді. Соның бірі - «Туған жер» бағдарламасы. Аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында жоспарланған қалалық білім бөлімінің жылдық медиа жоспарының аясында «Ұлттық қазына» атты қалалық кітапшалар презентациясы Абай атындағы №2 лицей қабырғасында өтті. Қала бойынша барлық мектептер «Туған жер» тақырыбы аясында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып, шығарылған жинақтарын, кітапшалары мен күнтізбелерін, мультимедиалық дискілерін жан-жақты зерделеп өтті. Тақырыпты ашу барысында қатысушылардың тек туған өлкеміз Балқаш қаласымен ғана шектеліп қалмай, республика көлемінде тың ізденістердің жүргізілгені анық байқалды. Осы шараның өткізілуі жастарымыздың рухани кемелденуіне бірден-бір қосқан үлесі деп айтуға болады.