Біз бейбітшілікті қолдаймыз!
Дата: 2018-03-02 22:20:29
28.02. күні оқушылар сарайында «Бейбітшілік пен татулық шаңырағы астында»атты қала экологтарының –бейбітшілік сүйгіш акциясының қорытынды іс шарасына лицейдің «Табиғат» экологиялық тобы қатысты.Топ жетекшісі биология пәні мұғалімі Садықанова Б.Ж . Оқушылар «Ядролық қаруға жол жоқ» тақырыбында қабырға газеттерін шығарып, қорғады. Осы бағытта лицейіміздің 8 Ә сынып оқушысы Семейбекова Ж. Жүлделі І орынды жеңімпазы атанып, дипломмен марапатталды. Қалалық экологиялық іс шараларға белсене қатысып, жас жеткіншектерді экологиялық бағытта тәрбиелеу барысында маңызды іс шаралар жүргізіп жүрген лицейіміздің жоғары санатты биология мұғалімі Садықанова Б.Ж. І дәрежелі дипломмен мараптталды.