"Рухани жаңғыру-болашақтың жарқын жолы" ғылыми конференциясы
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында 14.12 күні лицейде «Рухани жаңғыру–болашақты сабақтастыратын ұлт тұғырнамасы» тақырыбында 11 сынып оқушылары және тарих пәні мұғалімі Қаспақова Қ.А. ұйымдастыруымен зиялы бейсенбі аясында ғылыми конференция өтті. Конференцияда Елбасы жолдауындағы негізгі жобаларды саралап, мазмұнды презентациялармен таныстырып өтті. 11 сынып оқушылары Орынбасар З. «Қазақстангдағы 100 жаңа есім» Байысова С. «Цифрлы Қазақстан» Үсен Ж. «Туған жер» Кенбабин А. «Жаһандық мәдениет» Мейрманова А. «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» Маркс Г. «Латын әліпбиіне көшу» Қазиева А. «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша қаламыздағы, өлкедегі жүргізіліп жатқан ауқымды игі істерге, 100 жаңа есімге лайық қала азаматтарын атап өтті. Конференция жүргізушілері Рамазанов Д., Кәрбаева А. «Тәуелсіздік шежіресі» атты бөлімінде тыңдаушы оқушыларға сұрақтар қойып білім таразысын анықтады. Тәрбие ісінің меңгерушісі Имуханбетова С.С. оқушыларға осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, болашақ лицей жастарына сенім артатын рухты сөздермен қорытындылады.