«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-14 14:57:42
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Желтоқсан айының 13-і күні А.Б.Касенованың ұйымдастыруымен «25 жұлдызды күн» аясында лицейішілік «Мықты аймақ – Мықты Қазақстан» атты пікірсайысы өткізілді. Пікір сайысқа жоғары сынып оқушылары қатысты. Патриотизм, елге, жерге деген оқушылардың құндылықтары, қазіргі кездегі жастардың патриотизмді құрметтеуі және де елдегі әлеуметтік мәселелер қозғалды.  Сайыс қорытындысы бойынша: «Ең үздік спикер» 8А сынып оқушысы Зәрубек Зарина, жүлделі I орынмен Мұрат Нұрайым, Рымқұлова Назерке, Ерланова Камила, жүлделі II орынмен Малғаждар Азат, Тұрысбек Назгүл марапатталды.