«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-11 14:31:34
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

9 желтоқсан күні  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойына арнап М.Ж.Абдыкарина және 2А сынып оқушылары өздерінің шынайы көңілдерінен шыққан өлеңдер жинағы, яғни «Отаным - Қазақстан» атты кітапшаның тұсаукесері болды. Балауса балғындар, жас қаламгерлер «Тәуелсіздік сыйы» тақырыбында эссе, «Тәуелсіз ел», «Желтоқсан ызғары», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Тәуелсіз елім - Қазақстан» тақырыптарында өлең шумақтарын шығарды. 2 сынып оқушылары шығарған өлең шумақтарын жатқа айтты.