«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-06 08:35:04
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Желтоқсан айының 6-сы күні лицейде «Тәуелсіздік - тұғырым» атты  мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа 1-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың өздерінің әзірлеп келген өлеңдері мазмұнды болды. Сайысқа қатысушылардың өлеңді орындау шеберліктері, өзін-өзі ұстауы жақсы деңгеде болды.

         Сайыс қорытындысы бойынша: бастауыш буын арасынан: I орынмен 3В сынып оқушысы  Сыздықова Дана,  II орынмен 3Г сынып оқушысы Кнар Айзере, III орынмен 3Б сынып оқушысы Еримбетова Аяулым марапатталды. Орта буын арасында:  жүлделі I орынды 5Б сынып оқушысы Нығытай Аяжан, жүлделі II орынды 5Б сынып оқушысы Сәбит Сырым, жүлделі III орынды 7А сынып оқушысы Қайыржан Диас иеленді.

         Жоғарғы сынып оқушыларынан:

I орынмен 10А сынып оқушысы Матишева Аяулым, II орынмен 9Б сынып оқушысы Совет Эльдана, III орынмен 10Б сынып оқушысы  Амангелдина Алтын және 9А сынып оқушысы Бағдаулет Айгерім марапатталды.