«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-12-04 16:58:28
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Желтоқсан айының 3-і күні К.М.Байкулованың ұйымдастыруымен

7 сынып оқушыларымен «Ұлт денсаулығы» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Іс-шараға лицей медбикесі қонаққа келіп, оқушыларға көптеген пайдалы кеңестер айтып өтті. Оқушылар «Шымыр» тобы, «Денсаулық» тобы, «Сымбат» тобы болып үшке бөлінді. I бөлім «Сәлем берем халқыма» деп аталды. Яғни, топ атауымен, ұранымен таныстырды. II бөлім «Денсаулығыңды ойласаң» деп аталды. Бұл бөлімде оқушылар денсаулыққа зиян келтіретін заттарды атап, сол зат туралы қысқаша түсінік беріп өтті. III бөлім «Денсаулық – зор байлық» деп аталды. Ойын шарты: денсаулыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдердің жалғасын табу болды. IV бөлім  салауаттылық, денсаулыққа байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Vбөлім «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп аталды. Бұл бөлімде зиянды әрекеттер тақырыбында пікірталас жүргізілді.