«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары
Date: 2016-12-04 16:55:42
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 – жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызы күні» аясында 2 желтоқсан «Отбасы құндылықтары» күні «Әкем ,шешем және мен» отбасылық сайыс өткізілді.
Мақсаты: Адам жанының да тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Отбасылық сайыс Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. Қатысушы топ мүшелері өздерінің ұраны арқылы отбасыларын таныстырды. Жүргізуші спорт нұсқаушысының көмегі арқылы ойын кезеңдерін түсіндірді.
Қортынды: Сайысқа қатысқан 4 отбасы марапатталды.