Размер шрифта:

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ақпары

Дата: 2016-11-26 15:23:01
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар ақпары

Қараша айының 25-і күні лицейдің 9 сынып оқушылары арасында «Бәсекеге қабілетті – Мәңгілік ел » атты  дөңгелек  үстел  формасында пікірталас, әңгіме өтті. Іс-шара әнұранмен ашылды. Бұл  сыныптан тыс іс-шараның  мақсаты «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы ата - бабалардың сан мың жылдан  бергі  арманы болатынын түсіну, әлеуметтік  маңызы зор  жеті құндылықтың  мән-мағынасын  ұғындыру. Өткізілген іс-шара  аясында оқушылар  «Мәңгілік ел»  идеясының  жеті  құндылығын  ашып,  ойларын ортаға салды. Іс-шара  үш кезеңнен  тұрды.  Сайыс IІІ кезең бойынша ұйымдастырылды.

Ø  I кезеңде жеті құндылық сипатталып мәні ашылды.

ØII  кезеңде  елімізде тұңғыш өткізгелі отырған әлемдік көрме ‘’ЕХРО – 2017’’ туралы ой қозғалды.

ØIII  кезеңде тәуелсіздік шежіресіне байланысты ойландыратын сұрақтар қойылды.

      Іс-шараның жүргізушісі өткізген тақырыпқа байланысты барлық айтылған ойды жинақтап, қорытындылады.