«Тәуелсіздік Рәміздерін құрметтеу – халықты құрметтеу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Дата: 2016-11-23 03:17:42
«Тәуелсіздік Рәміздерін құрметтеу – халықты құрметтеу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Қараша айының 22-сі күні лицейдің 5-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік Рәміздерін құрметтеу – халықты құрметтеу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары Мемлекеттік Әнұран орындаудан басталды. Сынып оқушыларына  Ту, Елтаңба,  Әнұран туралы түсініктер, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктер айтылды. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар қойылды. Сынып оқушыларының жаттап келген өлең шумақтары сұралды. Сондай-ақ, оқушыларға көптеген қосымша мәліметтер берілді.