Размер шрифта:

5-сынып оқушыларының ата-аналарына психологтың ұсынысы

Дата: 2016-10-23 16:21:15

Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді. Бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Осы кезеңде ата-ана:

1. Шыдамдыболыңыз. Баланың  жаңанымеңгеруінеуақытберіңіз.

2. Жағымдылықтықолдаңыз. Баланы  қорқытпаңыз. Өзіндұрысұстасақандайжақсыжағдайлардыңболатындығытуралыайтыңыз.

3. Өзіңіземес, балаңыздың  жасағысыкелетіністерге  көбінежолберіңіз. Онымәжбүрлеуарқылыбаладатерісмінездіңқалыптасуынажолбересіз.

4. Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.

5. Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, керекті дегендей сөздерді жиі айтыңыз.

6. Үй жұмыстарында өз бетіншілік танытуға, міндетті жұмыстарды жүктеңіз. Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз.

7. Бала бойында  сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».

8. Өз балаңызға сеніңіз.Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.

9. Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.

10.    Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз!