1- сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық кеңестер

Дата: 2016-10-23 16:19:53

1.Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін.

2.Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз

3.Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз: Балаға сәттілік тілеңіз.

4.Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз, саябырланған соң өзі айтады.

5.Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін жасаңыз, оны орындауын қадағалаңыз.

6.Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 - 3 сағат қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт - 15 - 17 сағат аралығында.

7.Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 - 20 минут сабақтан кейін 10 - 15 минут үзіліс қажет.

8.Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл - күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.