“Логика күні” облыстық жобасы

Дата: 2024-12-30 14:07:55
“Логика күні” облыстық жобасы

“Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының” ұйымдастыруымен “Логика күні” облыстық жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Ағаш егу, кесуге байланысты есептер” тақырыбында  Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші, тәжірибелі ұстаз Тлеукулова Кымбат Абетовна шеберлік сабақ өткізді. Республикалық “Алтын тұғыр” олимпиадасында кездесетін логикалық қиын есептердің шығару жолдарын түсіндірді. Оқу әдістемелік орталығының әдіскері Ж.А.Айтжанова мен облыс мұғалімдері шебер сабаққа өте жоғары баға берді.