Размер шрифта:

"Медициналық сыныпқа" қабылдау рәсімі

Дата: 2024-12-27 03:02:09

Қарағанды облысы, оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  "Медицинаға қадам" жобасы негізінде Абай атындағы №2 мектеп лицейінде 2024-2025 оқу жылында Медициналық сынып жұмысын жалғасуда.Ненізгі мақсаты:ерте жастан кәсіпке баулу,дәрігер мамандығының ерекшелігін,қыр - сырын аша отырып,мамандыққа баулу Медицинаға қадам жобасының жоспарына сәйкес лицейімізде  7 сынып оқушыларын Медициналық сыныпқа қабылдау іс- шарасы өтті.

Іс шараны жоба жетекшісі, биология пәні мұғалімі Наскенова Р.Н жүргізді.

Медициналық сыныптың мүшелері   9 а сынып  оқушылары қатарларына  7 сынып оқушыларының берген Анттарын  қабылдап,кеуделеріне жоба эмблемасын тақты.

Ант қабылдау іс шарасына озық тәжірибелі ұлағатты  ұстаз,педагог зерттеуші,химия пәні мұғалімі Р.С.Мұқамеди және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т Жақсыгелдина қатысып, ізгі тілектерін білдірді.