Размер шрифта:

«Әкелер мектебі» жобасы аясында «Әкем және мен!» атты ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды

Дата: 2024-12-12 09:17:44
«Әкелер мектебі» жобасы аясында «Әкем және мен!» атты ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды

«Әкелер мектебі» жобасы аясында «Әкем және мен!» атты ұлттық ойындар сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 7-8-сынып оқушыларының әкелері мен ер балалары қатысты. Мақсаты: баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне әкелерді тарту, мектеп ұйымы мен отбасының өзара іс-қимылын күшейту. Әкелер мен балалар «Теңге алу», «Асық ату», «Гір көтеру», «Қол күрес» және «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша бақ сынасты. Сайыстың 5 кезеңінен де үздік шыққан 8-сынып ұлдары мен әкелері І орынды иеленді. 7-сынып оқушысы Арғын Дастанның әкесі Шармуханбетов Саламат «Асық ату» кезеңінде жоғары шеберлік көрсетсе, 8-сынып оқушысы Құрмет Фархаттың әкесі Жетпісбайев Оралбек 70 рет гір көтеріп, табандылық танытты. Сайыскерлерді бағалап, әділ шешімін шығару үшін ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САДАҚ АТУ ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, 5-ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ МҰҚАМЕТЖАНОВ ЖҰМАҒАЗЫ  ТҰРСЫНҰЛЫ келді. Сайыс қортындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаз команданы анықтап, жеңімпаздарды I, II дәрежелі дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады.