«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс және жауапкершілік»
Дата: 2024-12-03 13:54:19
2024 жылдың 03 желтоқсан күні Балқаш қаласы ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция капитаны Г.А.Тохтиева 8-9 сыныптар арасында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс және жауапкершілік» тақырыбында дәріс өткізді. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық білімдерін және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында әкімшілік құқықбұзушылық ұғымы, нормалары, негізгі түрлері туралы айтылып, әкімшілік жауапкершілік туралы мәліметтер берілді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін үлкен мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді