Размер шрифта:

"STEM білім беру технологиясы сабақта" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.

Дата: 2024-12-02 12:14:46
Нысаналы мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес 26 қараша күні Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің биология пәні мұғалімі,педагог-зерттеуші Коккозова Н.А. "STEM білім беру технологиясы сабақта" тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сабағында STEM технологиясының сабақ үрдісіндегі қолданысы,сабақты жоспарлау,сабақтың компоненттері туралы маңызды ақпар берілді.
Келесі бөлімде қатысушы мұғалімдер берілген құрал,материалдар көмегімен,ғылым,инженерия,математикалық білімді  біріктіре отырып   жаңа  өнім дайындау  тәжірибесі бойынша топтық жұмыс жасады.
Жаңа өнім алып шықты.
STEM технологиясының ерекшелігі мен маңызы толық ашылды.
Шебер сыныпқа қала мектептерінен әр пән бағытынан мұғалімдер қатысып,жоғары бағалады және мазмұнды кері байланыс берді.
Модератор Коккозова Нургул Ашимовнаға алғыс білдірді.