Размер шрифта:

Нысанбай жыраудың" Кенесары-Науырзбай" жырының негізінде оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды тиімді құрастыру жолдары" тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағатын берді.

Дата: 2024-11-23 22:16:51
Нысанбай жыраудың

21.11 күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог -сарапшы С.С.Имухаметова облыс педагогтарына функционалды сауаттылықты дамыту бағытындағы онлайн семинарында 9 сыныптың қазақ әдебиеті пәніндегі Нысанбай жыраудың" Кенесары-Науырзбай" жырының негізінде оқушылардың жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды тиімді құрастыру жолдары" тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағатын берді. Мұғалімдерге оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытуда,блум таксономиясының ерекшелігін ашты.

Жоғары деңгей дағдыдарын дамытуға бағытталған,өз шығармашылығымен құрастырған бірнеше тапсырмаларды ортаға салды.

Облыс аймағындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өте жоғары кері байланыс берді,шеберлік сағатының маңызы,тиімділігі зор екенін айтып өтті.