Ойынға салауатты көз қарас" атты ақпараттық сағат өткізілді.

Дата: 2024-10-23 10:33:01
Ойынға салауатты көз қарас

Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 22 қазан күні мектеп-лицей  оқушылары арасында  ойынға тәуелділіктің және заңсыз құмар ойындардың алдын алу бойынша "Ойынға салауатты көз қарас"  атты ақпараттық сағат өткізілді. Аталған іс- шараға кәмелеттік жасқа толмағандар жұмысы жөніндегі мектеп инспекторы Г. А. Тохтиева қатысып, оқушыларға лудамания туралы ақпарат беріп, оның алдын алу шараларымен таныстырып өтті.