1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!

Дата: 2024-10-23 10:25:55
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз!
Қазақта қарты бар үйдің, қазынасы бар, – деген үлкен ұғымға сыятын ұлағатты сөз бар.
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан өшпес салтымыз. Олай болса еліміздегі барша қарттарымызды, ақ жаулықты аналар мен абыз ақсақалдарымызды бүгінгі 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз! Осыған орай «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы «Қамқор» жобасы аясында Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 1 қазан күні «Қарттарым асыл қазынам» атты акцияның аясында Жас Ұлан ұйымымен мектеп Парламентінің фракция мүшелері ардагер ұстаздардың үйіне барып алғыс білдіріп, тәтті сыйлықтарымен ашық хаттарымен құттықтады.