Размер шрифта:

"Жыл мұғалімі-24" байқауының 1 ші кезеңінде мектеп лицейіміздін бастауыш сынып мұғалімі Жүнісбек Әйгерім Дауренбекқызы Ә.Бөкейханов атындағы мектеп лицейінде 4 а сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берді.

Дата: 2024-10-10 12:30:09
09.10. күні  қалалық "Жыл мұғалімі-24" байқауының 1 ші кезеңінде мектеп лицейіміздін бастауыш сынып мұғалімі Жүнісбек Әйгерім Дауренбекқызы  Ә.Бөкейханов атындағы мектеп лицейінде 4 а сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ берді.
"Пайымдау мәтінінің мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері" тақырыбында өткен замануи форматтағы сабақта оқытудың белсенді әдістері мазмұнына сай қолданылды.
Қазіргі білім берудегі жасанды интеллект қолдану арқылы  осы оқу жылындағы мерейтойлы ұлы тұлға С.Сейфуллин өлеңі тыңдалды.
Сабақ үрдісінде оқушылармен жұптық,топтық,жеке жұмыстар орындалды.
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес оқушы бойына құндылықтар қалыптастыру да сабақтастырылды.Бағалау түрлері,цифрлық ресурстар түрлендіріле пайдаланылды.Оқушылар пайымдайдың өмірдегі қолданатын функционалды сауаттылық тапсырмалары арқылы анықтай білді. Қаламыздағы "Өркен -Медиа" телеарнасына саяхат жасау  арқылы сабақ қорытындыланды.Сабақтың оқу  тәрбиелік мазмұны кеңінен ашылды.