"Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Дата: 2024-09-10 09:54:53
7 қыркүйек күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінде "Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесінде алатын орны” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мектеп директоры Г. С. Мейрбекова ата-аналар мен оқушылар арасындағы байланыс жайлы сөз сөйледі. Жиналыс барысында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы, мектептің ішкі тәртіп ережесі, оқушы формасы және ағымдағы мәселер айтылды. Сонымен қатар мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып,бала тәрбиесінде өз үлестерін қосқан ата-аналар алғыс хатпен марапатталды. Ата-аналар жиналысының мақсаты: отбасы, мектеп, ұлттық құндылықтарды насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту. Жиналыстың соңында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологы А. А. Толетаева балалардың жеке қауіпсіздігі, қазіргі кезде өзекті мәселе болып жүрген буллинг, кибербуллинг туралы ақпарат беріп тренинг өткізді.