Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің мұғалімдері, 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауы
Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің мұғалімдері, 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты. Мемлекет басшысының Жолдауында қарастырылған бастымәселелері, әрине, еліміздің әлеуметтік саяси даму мүмкіндіктеріболды. Жолдауда білім саласында айналып өтпеді. Сондай-ақ, 2029 жылға дейін орта және шағын бизнесті қолдап, оның санын 15% -ға жеткізу, жаңа мектептерсалуға көңіл бөлу, оның ішінде жайлы мектептер салынуы және еліміз бойынша 11300 мектеп күрделі жөндеуден өтуі керектігіне тоқталды. Мемлекет тарапынан әр оқушыға бөлінетін қаражат туралы ата-аналарды хабардар ету, мектепке баланы дайындаубарысындамемлекетпен бірге ата-аналардың жауапкершілігі жоғары екеніне бастыназарда ұстауды атап айтты. «Жұмыстың өзін тапқан, байлықтың көзін табар» деген халықтың мақалымен ойын түйіндей келе,мұғалім статусын көтеру, мұғалімнің үздіксіз білім алуы, біліктілігін көтеру, мұғалімдер мен дәрігерлердің ерекше еңбектеріне орай атақтар беру керектігі жайлы айтылды.
Мектеп ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауымен толық таныса отырып, Жолдауда айтылған тапсырмалар өндірістік жиналыстарда, бірлестік отырыстарында талдау табады.
«Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММдиректоры Г.С.Мейрбекова