Размер шрифта:

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Дата: 2024-08-08 12:36:23
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ
                  Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогінің бос және (немесе) уақытша бос                    лауазымына тағайындау конкурсы туралы 
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарағанды облысы Білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ  ҚР Еңбек Кодексінің 139 бабына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына»сәйкес төмендегі бос лауазымдарға педагогтарды қабылдау үшін 2024 жылдың 06.08-14.08 аралығында конкурс жариялайды. 

Лауазымдық міндеттері:

1. Директордыңтәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымдық міндеттері:

      тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;

      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;

      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);

      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;

      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;

      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;

      ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;

      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;

      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;

      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;

      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;

      туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;

      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
        Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

2.Ақпараттандыру жұмысы жөніндегі директордың орынбасарының лауазымдық міндеттері:

      білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;

      тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;

      оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;

      ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;

      ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;

      білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;

      оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

      Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, "Цифрлы Қазақстан" және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым мен практиканың жетістіктері, басқарудың инновациялық әдістері;

      менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

 

3.Педагог-психологтың лауазымдық міндеттері:

          Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

          Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

          Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).

          Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді.

          Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.

          Оқытушылар ұжымын, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарын немесе оларды алмастыратын тұлғалардың білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытынды жасайды.

          Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

          Инклюзивті білім беру қағидасын дамытады.

          Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында киберкультура мен кибергигиенаны дамытады.

          Оқушылардың жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеугеқатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерінде дайындығын дамытуға ықпал етеді

         Дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.

         Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуына диагностика жасайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.

         Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің және оқушылардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады.

         Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

         Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, ата-аналар жиналыстарының, педагогикалық консилиум, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.

         Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

         Буллинг, суицидтің алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

         Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

         Қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

         Білім беру ұйымдарында барлық білім беру процессіне субъектілердің қатысуымен "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді, оның ішінде отбасылар балалар.

          Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

          Білуге міндетті:

            Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру,

жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар мен жас ерекшелік әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихологиясы, психосоматикасы, Дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім беру және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық консультация беру және психопрофилактика,

белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері, жеке және топтық консультацияның заманауи әдістері,баланың дамуын диагностикалау және түзету,еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

        Біліктілікке қойылатын талаптар:

"Психология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

 Және (немесе) орташа біліктілік деңгейі болған кезде педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.

       Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

       1) "педагог" (санаты жоқ):

педагог-психологқа қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы;

қазіргі заманғы психологиялық әдістерді білуі;

мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүзеге асыруы,

балалардың эмоциялық саулығын, тиімді дамуын қамтамасыз етуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы;

педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық ағартуды жүзеге асыруы тиіс.

        2) "педагог – модератор":

 "педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

жеке-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен жұмысты жүзеге асыру;

балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;

 ересектердің балалармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;

әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;

ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету.

        3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

  әртүрлі бейінде және бағытта психологиялық диагностика жүргізу, балалармен жеке жұмысты жүзеге асыру;

шығармашылық топқа басшылық ету, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;

мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      білім беру ұйымдары деңгейінде өзі және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.                                     

4) "педагог-зерттеуші"

    "педагог-сарапшы" санатына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

    психологиялық тексеру мен диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеу,

     психологиялық қорытынды жасауы және түзету жұмыстарын жүргізу;

     әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу; психологиялық - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені енгізу; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтарға көмек көрсету;

      психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.

      5) педагог-шебер:

      педагог-зерттеуші біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келу, сонымен қатар:

       облыстық, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға авторлық (бірлескен автор) құқығы бар, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі;

 тәлімгерлікті жүзеге асыруы және облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде кәсіби қауымдастық желісін дамытуды жоспарлау,халықаралық және республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылуы немесе халықаралық немесе республикалық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

4. Дефектолог мұғалімінің  лауазымдық міндеттері:

         

            Оқушының физикалық, ақыл-ой, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, арнайы білім қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, сөйлеу және психофизикалық дамуға зерттеу жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды;

        Типтік оқу жоспарлары мен психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңестердің ұсыныстарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-шараларын жоспарлайды және өткізеді;

            Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен дамыту жұмыстарын жүргізеді;

         Типтік оқу бағдарламасы негізінде жеке оқу, даму бағдарламалар әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

        Педагогтермен және басқа мамандармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді, ерекше қажеттіліктері бар оқушыны дамыту және әлеуметтендіру, бұзылған функцияларды жеңу және орнын толтыру бойынша топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады;

            Білім берудегі инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

            Семинарларға, конференцияларға, кәсіби қауымдастықтарға қатысады.

       Ол ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) байланыс жасайды, оқушыларға (оқушыларға) көмек көрсетудің арнайы әдістері мен әдістерін қолдану туралы кеңес береді;

         Ол жалпы тұлға мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарттың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру талаптарына сәйкес әртүрлі формаларын, білім беру технологияларын, әдістерін, оқыту әдістері мен құралдарын қолданады;

            Ол стандартты бейімделген, арнайы жеке оқу бағдарламаларын жүзеге асырады;

            Ол "Құндылықтарға негізделген білім" тұжырымдамасын жүзеге асырады;

            Кәсіби біліктілігін арттырады.

             Әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың отырыстарына қатысады.

             Қажетті құжаттаманы жүргізеді;

       Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қоғамның толеранттылық көзқарасын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізеді;

       Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды;

      Оқу процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

         Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктерін бағалауға, психологиялық-педагогикалық қолдап отырудың жеке бағдарламаларын, оның ішінде жеке оқу жоспарларын, жеке/бейімделген оқу жоспарларын, жеке даму бағдарламаларын дайындауға қатысады және жүзеге асырады, жеке, топтық, кіші топтық дамыту сабақтарын жүргізеді.

           Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      арнайы педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту мен тәрбиелік жұмыс әдістемесін,

      бағдарламалар мен оқулықтарды, оқытудың құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндігін, педагогика ғылымы мен білім берудің даму перспективасы мен негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнама негіздерін,

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы күрес ережелері мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; жұмыс өтіліне талап жоқ.

      1) "педагог":

      педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушылардың дамудағы сөйлеу кемшілігін диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады, білім беру ұйымы деңгейдегі тәжірибені жинақтайды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат;

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл, педагог-шебер кемінде 6 жыл.

      Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор"

      санаты жоқ педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      тәрбиеленушілердің дамуында ауытқушылықтарды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдану;

      білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      дамудағы сөйлеу кемшілігін алдын алу және жеңу үшін әдістер мен әдістерді қолдану;

      ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастық жасау,

      инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын сындарлы түрде айқындайды,

      өз тәжірибесін аудан/қала деңгейінде жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшы қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      оқу-дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды,

      оқыту мен тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыстар жүргізуге,

      өз пәндері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды жасауға,

      арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді дамыту бойынша шығармашылық топтарды басқарады,

      арнайы білім мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар,

      сабақты зерттеу дағдыларын және бағалау құралдарын әзірлей біледі, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қауымдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындайды,

      өз тәжірибесін облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде жинақтайды,

      облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар;

      4) "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,

жаңа бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,

      сурдопедагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу жөніндегі шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі,

        өзінің кәсіби құзіреттілігінің саласында тиісті теоретикалық және практикалық білімдерді игеруі тиіс.

                  

5. Барлық мамандықтардың пән мұғалімдерініңлауазымдық міндеттері (Информатика, бастауыш сынып, математика,физика ) :

 

 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

      білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

      білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды;

      бөлім бойынша жиынтық бағалауды және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;

      журналдарды (қағаз немесе электрондық)толтырады;

      оқу үрдісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;

      оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді;

      инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді;

      арнайы білім беру ұйымдарында оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша еңсеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады;

      әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;

      ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады;

      ата-аналарға кеңес береді;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

       Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика мен психология;

      пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі;

      оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар;

      құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

      Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

      білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

      білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

      білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

      білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

      кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:

      ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;

      білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

      білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;

      тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса);

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

      Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

      "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

      интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

      тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса);

      республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру;

      республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса).

 

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

 менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық       қағидалар мен нормалар.

   Біліктілікке қойылатын талаптар:

     жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

Еңбек ақы мөлшерібілім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

Конкурсқа қатысу үшін:

            Конкурстық комиссияның қарауына  құжаттар пошта бойынша, Балқаш қаласы, Сванкулов орамы, 20 ғимарат мекенжайы бойынша,  және licei_2_abai@list.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон: 4-10-17.

            Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 2024 жылдың 06.08-14.08 аралығында  кадрлар қызметінде  қабылданады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесеайелтсIELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесетойфлTOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты- 60-65 балл;

      11) техникалықжәнекәсіптік, ортабілімненкейінгібілімберуұйымдарындаарнайыпәндербойыншапедагогтержәнеөндірістікоқытушеберлерілауазымдарынапедагогикалыққызметкекіріскен, тиістімамандықнемесебейінбойыншаөндірістекемінде2 жылжұмысөтілібарпедагогтерсертификаттауданөтуденбосатылады.

      12) 16-қосымшағасәйкеснысанбойыншапедагогтіңбоснемесеуақытшабослауазымынакандидаттыңтолтырылғанбағалаупарағы.

      13) тәжірибесіжоқкандидаттыңбейнепрезентациясы(өзін-өзітаныстыру) ұзақтығыкемінде10 минут, еңтөменгіажыратымдылығы– 720 x 480.

       Кандидатболғанжағдайдаоныңбіліміне, жұмыстәжірибесіне, кәсібидеңгейінеқатыстықосымшаақпаратты(біліктілігінарттыру, ғылыми/академиялықдәрежелерменатақтарберу, ғылыминемесеәдістемелікЖарияланымдар, біліктіліксанаттарытуралықұжаттардыңкөшірмелері, алдыңғыжұмысорныныңбасшылығынанұсынымдар) ұсынады.