04.06.2024 жыл "Абай атындағы №2 мектеп -лицейінде" «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті екінші күні Рәміздер күнімен басталды.

Дата: 2024-06-06 12:37:40
04.06.2024 жыл

04.06.2024 жыл "Абай атындағы №2 мектеп -лицейінде" «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті екінші күні Рәміздер күнімен басталды. Балалар таңы Мемлекеттік Әнұран айтумен басталып, осы орайда «Мемлекеттік рәміздер -еліміздің нышаны» тақырыбында оқушылармен әр түрлі жарыстар ұйымдастырылып, топ жетекшілері «Рәміздерім- мақтанышым» атты фотоколлаж байқауын өткізді. Байқау барысында оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін, ішкі сезімдерін, қиялдарын қағаз бетіне түсіріп, шығармашылықтарын шыңдай түсті.