ІҮ Республикалық "Іші алтын,сырты күміс,сөз жақсы.." шешендік байқауы ағымында "Ұлттық Абай мектебінің моделі" тақырыбында TALIM SPEAKERS өтті.

Дата: 2024-04-24 18:28:56
ІҮ Республикалық
18.04 күні Қарағанды қаласында Абай атындағы 104 мектеп гимназиясында ІҮ Республикалық "Іші алтын,сырты күміс,сөз жақсы.." шешендік байқауы ағымында "Ұлттық Абай мектебінің моделі" тақырыбында TALIM SPEAKERS ке мектеп лицейімізден директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Т Жаксыгелдина,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өмірхан Ә.М және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Ж.Сейткалиева қатысып қайтты.
Өзекті ,ауқымды іс шараға Республикаға танымал ұлағатты педагогтар спикер болып.ұрпақ тәрбиесі,ұлттық мектеп,жасанды интеллект,құндылыққа негізделген  мектеп тақырыптарында мазмұнды ой қозғап,ұсыныстарын білдірді.
Аталмыш іс шарада Нұрсахан Ахмет қызы,Береке Жұмақаева,Аятжан Ахметжан,Атабек Жинебаевтардың терең мағыналы  баяндамалары тыңдалды.