«Ғылым және технология» жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы апталағы аясында география пәнінен 8 сыныптар арасында «Geo Quiz» атты брейн ринг өткізілді.
Дата: 2024-04-18 18:24:58
«Ғылым және технология» жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы апталағы аясында география пәнінен 8 сыныптар арасында «Geo Quiz» атты брейн ринг өткізілді. Әр сынып 3 оқушыдан құралған төрт команда қатысты. Сайыс «Сиқырлы ұяшық», «Пионино», «Номенклатура», «Топ басшылар сайысы» атты бөлімдерді қамтыды. Сайыста оқушылар кескін картада нысандарды белгілеу, ұяшықтардағы жасырынған сұрақтарға жауап, «Пионино» әдісі бойынша мемлекеттер мен астаналарды сәйкесендіру сияқты география пәні бойынша өз білімдерін, картографиялық сауаттылықтарын көрсете білді.