12.04 2024 Мұқамеди Р.С 8б сыныбында Қышқылдардың химиялық қасиеттері атты ашық сабақ өткізді.

Дата: 2024-04-18 19:21:44
12.04 2024  Мұқамеди Р.С  8б сыныбында Қышқылдардың химиялық қасиеттері атты ашық сабақ өткізді.

12.04 2024  Мұқамеди Р.С  8б сыныбында Қышқылдардың химиялық қасиеттері атты ашық сабақ өткізді.Ұйымдастыру бөлімінде Бүгін қандай күн?  атты айдармен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ақпараттар берілді.Ғарышкерлер күні де атап өтілді.Құндылықтарға тәрбиелеу бағытында оқушылар топтарын Достық,Жігер, Бірлік,Татулық деп атады.Жаңа сабаққа дайындық ретінде әрбір топ Кластер әдісі бойынша сәйкестендіру жұмысын орындады.Тақтаға шығып жұмыстарын қорғады.Адасқан формулалар жұмысында негізгі кластар туралы білімдерін тереңдете түсті.Жаңа сабаққа толық ену үшін оқулықпен жұмыс орындалды.Алгоритмдер талданып,мысалдар қарастырылды.Зертханалық жұмыстар орындау үшін қауіпсіздік техникасы еске түсірілді.4 топ әртүрлі жұмыстар орындап,реакция теңдеулерін жазып,тақтада қорғады.Оқушылар әр түрлі әдістермен бағаланды,мадақтау,өзін-өзі бағалау,өзара бағалау.Жеке жұмыс ретінде С деңгейінің есептері берілді.Оқушылар қиын есептерді жүйелі шығара білді.Оқушыларға қосымша ақпарат берілді,  соның негізінде Шығармашылық жұмыс.Қышқылдардың қолданылуы постер ретінде қорғалды.Балқаш қаласының туған күні еске түсіріліп қала туралы жазылған кітаптар таныстырылды.Сабақ соңында білімдерін жүйелеп БББ  рефлексия жұмысын орындады.Сабақ өз мақсатына жетті.