4- наурыз күні 7 "А" сыныпт арасында 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Көктем аруы» атты байқау өтті.

Дата: 2024-03-11 08:44:03
4- наурыз күні 7
4- наурыз күні 7 "А" сыныпт арасында 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Көктем аруы» атты байқау өтті. Байқаудың негізгі мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. 
Табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқауда қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі бағытындағы тың деректермен танысып, білімдері мен біліктілігін арттыруға арналған арнайы шараларға атсалысты. Еркежан үш тілде жаңылтпашты жатқа оқыды. Мерей мен Альмира шляпалар мен шарфтардың тоқу шеберлігімен бөлісті, ал Гулимнің биі ерекше және қызықты болды.
 Қазылар алқасының шешімімен "Көктем аруы" Сыздықбаева Мерей атанды.
1 орын - Иксанова Еркежан.
2-3 орын - Алапгарова Альмира және Қазбек Гүлім.