Республикалық «Менің сүйікті кітабым» атты челленджі

Дата: 2024-02-28 18:22:30
Республикалық «Менің сүйікті кітабым» атты челленджі
 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында #МеніңСүйіктікітабым республикалық челленджі басталды. 28 ақпан күні «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» республикалық челленджін жүзеге асырды. Шараға Қарағанды облысы білім басқармасының Балақаш қаласы білім бөлімінің Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің 8 А сынып оқушылары қатысты. Білім алушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, кітап оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту мақсатында өткен республикалық челлендж 28 ақпаннан 1 сәуірге дейін жалғасады. 
 
#оқуғақұштармектеп
#люблючитать
#меніңсүйіктікітабым
#моялюбимаякнига