Размер шрифта:

Ауған соғысының ардагері Мухамеди Бауыржан Мейірханұлымен кездесу

Дата: 2024-02-27 21:29:01
Ауған соғысының ардагері Мухамеди Бауыржан Мейірханұлымен кездесу

14 ақпан күні «Әкелер жолы-ізгі жол» әкелер айлығы жоспары аясында 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі ұландарымен Ауған соғысының ардагері Мухамеди Бауыржан Мейірханұлымен кездесу кеші өткізілді. Шара ең алдымен ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталып, үгіт-насихат тобының арнауымен жалғасты. Кездесу барысында өмірінің өлшеулі бір бөлігін,жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып,туған жерімен қауышқан ардагеріміз өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың тәлім—тәрбиесі жайлы ой өрбітті.