«Санаға сәуле түсірген»
08.12.2023. Абай атындағы № 2 мектеп-лицейде біртұтас тәрбие бағдарламасының
құндылыққа бағытталған облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында білім беру саласының үздігі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының aғa оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қарағанды облысының білім беру ісінің құрметті педагогі, халықаралық «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері - Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызының ұстаздық жолдағы қызметінің 50 жылдығына арналған «Санаға сәуле түсірген» атты кездесу өтті. Кездесуге қаланын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, мектеп оқушылары қатысып, Балқаш қаласы білім бөлімі басшысы Дүбірбекова Қ.Ш, ардагер ұстаз, ҚР-ның ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Дәрібек Күлшара Дәрібекқызы, ардагер ұстаз, Абайтанушы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен енбегі үшін» медалінің иегері Елеубекова Әлия Зиядақызы жүрекжарды тілектерін білдірді. Кездесу барысында үгіт-насихат тобы ұстаздар әулетінен шыққан текті атаның баласы, мерейтой иесі Ғазиза Ғабдоллақызының болмысын жыр шумақтарымен аша білді. Лицей окушыларының хоры «Ұстаз» әнін тамылжыта шырқап, кештің шырайын аша түсті. Сұхбаттасу бөлімінде Ғазиза Ғабдоллақызы жас мамандарға ұстаз болудың қыр-сырын айтып, оқушыларға «Толық адам» идеясын жүзеге асыруда Абай өнегесінен нәр алу, өлеңдерін жаттау, кітап оқуга байланысты бойға жігер, соны серпін, кәсіби бағдар берді. Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев : « Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы -мұғалім. Алты Алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдікі» деген екен. Ғазиза Ғабдоллақызы - жарты ғасырлық ұстаздық-ағартушылық қызметтің биік шыңына асқақ бітім, аласармас абыроймен жеткен тұлға. Ғибратты ғұмыры талай жанға үлгі болары анық.