«Менің сүйікті мамандығым»

Дата: 2024-02-27 22:18:22
«Менің сүйікті мамандығым»

30 қаңтар күні кәсіби бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сәйкес 1 «Ә» сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті мамандығым» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар өздері армандаған болашақ дәрігер, полиция, тәрбиеші,ғарышкер,мұғалім, тіс дәрігері мамандықтары жайлы суреттерін салды.Байқауға қатысқан оқушылар белсене қатысқаны үшін марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі  А.А.Дәуренбекова, кәсіби бағдар беруші педагог Р.Н.Наскенова.