Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл

Дата: 2024-02-26 15:07:28
Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл
2024 жылдың 23 ақпанында Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына арналған қала мектептері театр үйірмелерінің «Таңғажайып театр» байқауында
«Абай  атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ-нің театр үйірмесі «Тақиялы періште» қойылымы байқауда 3-ші орынға ие болды. Құттықтаймыз! 
Мектеп-лицейіміздің театр үйірмесінің жетекшісі: Утенова Меруерт Нұрашевна 
Шәкен Айманов Кенжетайұлының есімі республиканың мәдени өмірінде мәңгілік алтын әріптермен жазылған. Ол халық құрметіне бөлінген қазақтың әйгілі актері, режиссер. КСРО-ның халық әртісі, «Қазақфильм» киностудиясының жетекшісі, режиссер әрі актер Шәкен Айманов көп қырлы тұлға болды. 
Актер ретінде фильмдерде қандай рөлдерді сомдағанын білесіз бе?
1943 ж. «Ақ раушан» - Жақпан
1945 ж. «Абай әндер» - Шәріп
1948 ж. «Алтын керней» - Жақан Дасанов
1952 ж. «Жамбыл» - Жамбыл
1956 ж. «Біз осында тұрамыз» - Бейісов
1957 ж. «Біздің сүйікті дәрігер» - драма актері
1960 ж. «Бір ауданда» - Сабыр Баянов
1964 ж. «Алдар көсе» - Алдаркөсе
1968 ж. «Тақиялы періште» - эпизод
1969 ж. «Найзатас бөктерінде» - Бейсембай